08 қыр, 2016 сағат 08:37

Өскеменде «Нұрлы Жол» паркі мен монументінің құрылысы басталды

 

Келесі жылы Шығыс Қазақстанның облыс орталығында құрылысында архитектураның соңғы үлгілері пайдаланылған жаңа парк ашылады.

Парк пен монумент қаланың сол жақ бөлігінде орналасады. Өскемен қаласы үшін бұл күтпеген әрі бірегей архитектуралық шешім.

5 га аймаққа арналған паркте демалыс орындары, балалар ойын және спорт алаңдары, шағын архитектуралық кескіндер, орындықтар,   LED жарық шамдары орнатылып, 500 ағаш көшеті отырғызылады. Парктің дәл ортасында Қазақстан халықтары бірлігінің символы ретінде «Нұрлы Жол» монументі орнатылады. Мемлекеттік тудың түсімен боялған монумент, шаңырақ пен қалықтап ұшқан қыранның биіктігі 22 метрді құрайды. Парк жанынан 10 көп қабатты тұрғын үй салынатын болады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов құрылыс жұмыстарымен таныса келе, өзінің он бағасын берді.

- Бізде керемет жаңа парк ашылатын болады. Оның артында 10 көп қабатты тұрғын үй салынады. Осы арқылы біз бұған дейін айтылған Сәтпаев даңғылы бойында тұрғын үйлермен қатар мәдени нысандарының құрылысын бастауды жүзеге асырып отырмыз. Сонда ғана тұрғындар үшін барлық жағдай жасалып, жайлы өмір сүрулеріне болады. Бұл қала адам үшін ұғымының негізгі түйіні болмақ. Мемлекетіміздің болашағын кескіндейтін жаңа жоба құрылысының басталуына қуаныштымын, - деді Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта «Нұрлы Жол» паркінің аумағында байланыс пен қатынас желілері орнатылып, бетон жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Жоба авторы Сәрсен Сиитовтың айтуынша бұл бірегей жоба. Ол адамдар барынша баға беретініне сенім білдіреді. Парктің ашылуы 2017 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.

"Ұлт ақпарат"