#
#
Жексенбі 22/09/2019

Өскеменде бетперде киген қарақшылар букмекерлік кеңсені тонаған

  • 12.09.2019
  • 0
  • 234

Өскеменде букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қыркүйек күні сағат 04.36-да Өскемен қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының 102 арнасына букмекерлік кеңсенің кассирінен екі белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы сағат 04.29 шамасында букмекерлік кеңсеге бетперде мен күләпара киген екі белгісіз адам кіріп, тапаншаға ұқсас құралмен қорқытқанын және кассадан 484500 теңге тонағанын анықтады. Іздестіру шараларының нәтижесінде және бейнекамералардың көмегімен күдіктілер қолға түсті. Қарақшылардың жүрген жолы, оқиға орнынан қалай жасырынғандары түгелдей анықталды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 192-бабына (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар