#
#
Жексенбі 07/06/2020

Өскемен мен Семейде демалыс күндері жеке көлік қозғалысына тыйым салынды

  • 03.04.2020
  • 0
  • 220

Өскемен мен Семей қалаларында 4 сәуірден бастап демалыс және мереке күндерінде жеке көлік қозғалысына тыйым салынбақ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Енгізілген қосымша шектеулерге сәйкес, екі шаһарда күнтізбенің жұп күндері көлік нөмірі нөлді қосқанда тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүреді. Сондай-ақ 6 сәуірден бастап бір аптаға қоғамдық көлік қозғалысы қысқартылады. Бұл жайлы ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов мәлім етті. 

«4 сәуірден кейін демалыс және мереке күндері жеке көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады. Бұл коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында атқарылып жатқан шара. Тұрғындардан барлық шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді ол. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар