27 ақп, 2017 сағат 08:24

Оскар сыйлығының иегерлері белгілі болды

Бүгін Лос-Анджелестегі Dolby Theatre театрында "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімі өтті.

"Үздік операторлық жұмыс" номинациясы - "Ла-Ла Лэнд" фильмі. Айта кетейік, фильмнің операторы - Линус Сандгрен. Ол сондай-ақ,  "Пряности и страсти" (2014), "Афера по-американски" (2013) және "Земля обетованная" (2012) фильмдерін түсірген.

"Үздік саундтрек" номинациясы - "Ла-Ла-Лэнд".

Айта кетейік, марапаттау рәсімінде атақты әнші John Legend "Ла-Ла Лэнд" фильміндегі City of stars әнін орындады. 

"Үздік ән" номинациясы - "Ла-Ла Лэнд" фильміндегі City of Stars әні.

"Үздік қысқаметражды ойын фильмі" -  "Пой" (Sing) картинасы.

"Үздік монтаж" номинациясы - "По соображениям совести". Бұл осы фильмнің осымен екінші "Оскар" жүлдесі.

"Үздік қысқаметражды деректі фильм" номинациясы - "Белые шлемы".

"Шет тіліндегі үздік фильм" - "Коммивояжер". Жүлдені Шарлиз Терон мен Ширли МакЛейн табыстайды. Бірақ фильм режиссері Асгар Фархадидің өзі "Оскар" жүлдесін ала алмады. Ол үндеуінде Трамптың саясатына оппозициялық көзқараста екенін айтып өтті.

"Екінші пландағы үздік актриса" номинациясы - Виола Дэвис.

Екінші пландағы үздік актер – режиссер Барри Дженкинстің "Лунный свет" атты туындысында Хуан атты кейіпкердің рөлін сомдаған Махершала Али.

"Үздік анимациялық фильм" номинациясы - "Зверополис".

"Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" номинациясы - "Песочник".

"Үздік дыбыстық монтаж" номинациясы - "Прибытие" фильмі.

"Үздік костюмдер дизайні" номинациясы -  "Фантастические твари и где они обитают".

"Үздік грим мен шаш үлгісі" номинациясы - "Отряд самоубийц" фильмі.

"Үздік визуалды эффектілер" номинациясы - "Книга джунглей".

Ал, америкалық футболдың кәсіби ойыншысы және актер О.Джей Симпсон туралы түсірілген "О. Джей: Сделано в Америке" картинасы "Үздік деректі толықметражды фильм" номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын алды.

Фильмнің ұзақтығы 7,5 сағатты құрайды. Осылайша, ол «Оскар» алған ең ұзақ фильм ретінде тарихта қалды.


Үздік дыбыс - бұл санатта Дени Вильневтің "Прибытие" фильмі үздік болды.

Үздік сценарий - "Манчестер у моря" фильмі.

Үздік режиссер - "Ла-Ла Ленд" фильмінің режиссері Дэмьен Шазелл


Басты рөлдегі үздік актер - "Манчестер у моря" фильмінде Ли Чендлердің рөлін сомдаған Кейси Аффлек.

Басты рөлдегі үздік актриса. "Ла-Ла Ленд" фильмінде басты рөлді сомдаған Эмма Стоун үздік деп танылды. "Оскар" мүсіншесін жеңімпазға Леонардо Ди-Каприо табыстады.

Үздік картина - "Лунный свет" туындысы.