#
#
Бейсенбі 19/09/2019

ОСК сайлау бюллетенінде кандидаттар қандай тәртіппен орналасатынын айтты

  • 21.05.2019
  • 0
  • 672

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекітті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

2019 жылы 20 мамырда сайлау учаскелеріне тиісті әкімдер қол қойған сайлаушылардың тізімі берілді. Тізімдегі сайлаушылардың саны 11 947 995 адамды құрады.

ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының 37-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау бюллетеньдері сайлаушылардың жалпы саны 1% резервімен сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады. Осыған байланысты 12 067 475 сайлау бюллетенін дайындау қажет. 

«ОСК президентті сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін белгілейді және оларды дайындауды қамтамасыз етеді. Президентті сайлау жөніндегі бюллетеньдердің нысаны ОСК 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/112 қаулысының №1 қосымшасына сәйкес белгіленген. Сайлау бюллетеньдеріне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар енгізілді. ОСК президенттікке 7 кандидатты тіркеді», - деп айтты ОСК хатшысы Сабила Мұстафина.


ОСК кандидаттар бюллетеньде келесідей тәртіппен көрсетілуі тиіс екенін айтты:

1. Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы;
2. Еспаева Дәния Мәдиқызы;
3. Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы;
4. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы;
5. Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы;
6. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы;
7. Түгел Сәдібек.

ОСК отырыс барысында бюллетень мәтінін көрсетті. Бір бюллетень бағасы – 1 теңге. Сонда жалпы құны 132 742 225 теңгені құрайды. 

Ол бюллетеньдерді қолдан жасаудан және тиісінше оларды бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі белгіленгенін айтты. 

«Сайлау бюллетеньдерін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларына жеткізу арнайы байланыспен жүзеге асырылады. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін үш күннен, яғни 6 маусымнан ерте емес және сайлауға дейін бір күннен, яғни 8 маусымнан кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету қажет», - деп айтты ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР