#
#
Жексенбі 21/07/2019

ОСК президент сайлауында дауыс берушілердің нақты санын жариялады

  • 21.05.2019
  • 0
  • 520

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша сайлау комиссияларына беру туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Осы мәселеге қатысты республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың аумақтық сайлау комиссиялары бейнеконференция арқылы байланысып, сол өңірде немесе қалада қанша сайлау учаскесі мен сайлаушы барын айтты. 

Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлау комиссияларына тиісті әкімдіктер дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, яғни 20 мамыр күні берді. Осы тізімдерге сай сайлаушылардың жалпы саны 11 975 995 құрады. 

Сайлаушылар он бес күн ішінде тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімдерімен таныса алады. Осы уақыттан бастап азаматтарға сайлаушыларыдң тізімдеріндегі өздері туралы, олардың тіркелген жері бойынша деректерді тексеру, өздерінің деректерінің анық болмауына жол берілген, тізімге енгізілмеген, дұрыс енгізілмеген немесе шығарылғандығына шағымдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР