06 мам, 2019 сағат 12:23

ОСК Әміржан Қосановты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 6 мамырда "Ұлт тағдыры" қозғалысының үміткері Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған бірқатар саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Қаулы жобасы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихданов  баяндама жасады.

2019 жылғы 27 сәуірде «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың құжаттарын ұсынды. Атап айтқанда:

- «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігін Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, осы қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырысының Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

- Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші;

- өмірбаяндық деректер;

- сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.

Осы құжаттардың, сондай-ақ кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 22/255 қаулысымен Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі анықталды және азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді.

Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар:

-Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың кірістері мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

-Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановта оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды;

- аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты қолдайтын азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды.

Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты қолдап Қазақстанның 14 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінде 129 582 қол рас деп танылды.

Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі №13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын рас қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрайды.

Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

Қаулымен төмендегілер белгіленді:

- 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін;

- Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа тиісті куәлік берілсін;

-Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың тіркелгені туралы мәліметтер арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына берілсін;

-бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың тіркелгені туралы хабар жариялансын.