17 сәу, 2020 сағат 19:53

Ораза және намаз кестесі – 2020

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы muftyat.kz сайтында Ораза айының кестесі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталмыш кесте бойынша Оразаның алғашқы күні 2020 жылдың 24 сәуірі, яғни жұмаға сәйкес келеді. Осы күні елорда тұрғындары жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:12-ге дейін сәресін ішіп бітуі керек. Ал Алматы қаласының тұрғындары ауыздарын 24 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:28-ке дейін ашады. 

Биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырда аяқталады.

Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Осы жылы  пітір садақаның мөлшері адам басына 370 теңге деп белгіленді. Төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақа мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.

Карантин кезінде мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намаздары уақытша оқылмайды.

Сонымен қатар, мешіт пен қоғамдық орындарда ауызашар берілмейді.