12 мау, 2018 сағат 14:36

Оралдық жігіт 25 қабат үйге өрмелеп шықты (Видео)

Ақтөбеде 27 жастағы жігіт сақтану құралдарынсыз қаладағы ең биік ғимаратқа өрмеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25-қабатты үйге балкондар арқылы өрмелеп шыққан жігіт Орал қаласының тұрғыны екен.

Үш күн бұрын "Ақтөбелік өрмекші адам" атты видео желіде тарап, қолданушылар арасында талқыға түсті. Біреулер жігіттің ісі қауіпті әрі мәні жоқ десе, енді бір топ адам - осы арқылы өскелең ұрпаққа нашар үлгі көрсетілді деген. 

Ал ғимаратқа өрмелеген Азамат Сүйінішевтің өзі видеоны былтыр түсірілгенімен жақында ғана жарияланғанын айтады. 

"Түсіреміз, барақ, бірден жарияламаймыз, тек жарты жылдан кейін шу болмауы үшін. Таңғы сағат 4-те түсірілді, бәрі ұйықтап жатқанда. Менде мүлдем ештеңе болған жоқ, арнайы заттар немесе сақтану құралдары болмады. Бұл ғимаратты 2015 жылы көрдім де, содан бері 2 жыл дайындалдым, бәрін есептеп. Оныншы қабатқа дейін 2,5 - 3 минутта өрмелеп шықтым да, демалдым. Қолым талып қалды. Ары қарай әрбір 2-3 қабат сайын тынығып отырдым. 25 қабатқа дейін нақты қанша уақыт кеткенін айта алмаймын. Видеода өрмелей бастағанда қараңғылау болғаны көрініп тұр. Ал соңғы қабаттарда таң ата бастады", - дейді ол. 

Азамат - вахталық тәртіппен жұмыс істейтін қарапайым тұрғын. Оның айтуынша, экстрим өзі үшін ауадай қажет, бірақ, ол ешкімді өз ісін қайталауға шақырмайды. 

"Жағымсыз сөздерге назар аудармауға тырысамын. YouTube-тегі роликтің толық нұсқасында мұны қайталау қауіпті екені көрсетілген. Мұндай шетелде және Ресейде бар. Бізде адамдар түсіне бермейді. Мен ешкімді үгіттемеймін. Мен үшін бұл ауадай қажет. Әрине қорқыныш болады. Мен паркур мен каскадерлік әдістерді байланыстырамын, мұнымен көптен шұғылданып келемін. Бала кезімде Джеки Чанның киноларын көп көргенмін, оған қатты ұқсағым келетін. Ешкім үйреткен жоқ, жаттықтырған емес", - дейді Азамат. 

Жігітті Ресейдің каскадерлік мектебіне шақырған. Дегенмен ол отансүйгіштігінен одан бас тартыпты. 

"Мақсатым бар, Қазақстанда жоқ спортзал салғым келеді. Күрес, жаттығу залы, каскадерлік, гимнастикалық және басқа да залдар болады. Жастарымыз спортпен шұғылданғанын қалаймын", - деп арманын бөлісті ол.