03 қаз, 2019 сағат 13:46

Оралдағы пәтерден 10 күн жатып қалған ерлі-зайыптының мүрдесі табылды

Орал қаласындағы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мүрдесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орал қалалық полиция басқармасының бастығы Мирлан Әйкеновтің айтуынша, оқиға бүгін шамамен сағат 11.00-де Гагарин көшесі бойындағы 3 қабатты үйде болған.

Осындағы пәтерден 54 жасар ер және 52 жасар әйел адамның денелері табылды.

«Мүрделердің жатып қалғанына он күндей болған. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар уланып қалған секілді. Өлімнің нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Әйкенов.