22 қаз, 2016 сағат 21:18

Оралдағы кітаптар ескерткіші

Кітап ескерткіш Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы амфитеатр жанында орналасқан. Композицияның биіктігі 5, ені 3 метр. Онда тек Орал қаласында туып өскен ғана емес, бүкіл әлемге еңбегі сіңген ақын-жазушылар аты жазылған: әл-Фараби, Махамбет Өтемісұлы, Ғұмар Қараш, М.А.Шолохов, Абай Құнанбайұлы, А.С.Пушкин, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли.