05 нау, 2018 сағат 08:37

Оралда жолаушылар автобусы мен автокөлік соқтығысты: Қаза тапқандар бар (Видео)

Оралда автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, соның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 5 наурызда Орал - Дарьинск тасжолындағы Трекино ауылының маңында болды. 

Volkswagen Transporter маркалы жолаушылар автобусы Рубежка ауылынынан келе жатқан. Жүргізуші Владимир Фисенконың айтуынша, ол 15 жолаушыны алып келе жатқан. Бір сәтте жолдың қарсы бетінен Volkswagen Passat маркалы автмобиль атып шыққан. Соқтығысу салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі сол мезетте қайтыс болған. Автобус жолдан шығып кеткен, оны әлі сол жерден шығарған жоқ.

Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен қайтыс болған адамның туыстары келді. Фельдшердің айтуынша, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қалғаны өздігінен ауруханаға жетті. 

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жағдайға Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі кінәлі. 

Айта кетейік, Оралда бүгін көктайғақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылған. Осыған дейін облыста ескерту жарияланған еді.