10 қыр, 2019 сағат 12:23

Оралда жоғалған 18 жасар жігіт Алматыдан табылды

Оралда жоғалған 18 жасар жігіт Алматыдан табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2001 жылғы Бекарыс Тұрарбекұлы кеше Алматы қаласынан аман-есен табылды.

Оның Алматыға не үшін кеткені, оқиғаның мән-жайы Оралға оралған соң анықталатын болады.

Еске сала кетейік, Бекарыстың 3 қыркүйек күні жоғалып кетіп, таптырмай жатқанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.