26 мау, 2018 сағат 11:33

Оралда теракт жасамақ болған күдіктілер ұсталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикал діни топтың әрекетіне тосқауыл болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 25 маусымда Орал қаласында болған. Арнайы операция жүргізу барысында 8 топ мүшесі ұсталғаны, атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдардың алынғаны айтылады.

"Ұсталған адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - делінген ҰҚК хабарламасында.