#
#
Бейсенбі 12/12/2019

Оралда күйеуі тұтқынға алған әйел босатылды

  • 28.11.2019
  • 0
  • 496

Орал қаласында тұтқынды босату операциясы сәтті өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орал қаласында тұтқынды босату операциясы өлім-жітімсіз және ауыр салдарсыз аяқталды. Полиция арнайы жасағы қару мен арнайы құрал-жабдық қолданбастан қаскүнемді ұстады. Операция сағат 19-45-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 20-45-те) аяқталды. Жұбайын кепілге алған азаматпен келіссөз жүргізушілер сағат 13-10-нан бастап келіссөз жүргізіп, ол 6 сағаттан астам уақытқа созылды. Диалогқа оның жақын туыстары мен достары да араласты. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін ол әйелін босатты және содан кейін оны арнайы жасақ қызметкері ұстады», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, тұтқында болған әйелдің аяғында пышақ жарақаты бар. Зардап шегушіні медицина қызметкері қарады және қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға болған маңдағы үйлердің тұрғындары мен сол маңға жақын жүрген адамдар таяу жердегі орта мектеп ғимаратына орналастырылып, жылыту пункті жасақталған.

«ҚР ҚК 261 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қоршау алынып жатыр. Содан кейін тұрғындар өз үйлеріне орала алады», - деді ведомстводан.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар