#
#
Cәрсенбі 01/04/2020

Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған хабар тарады

  • 25.03.2020
  • 0
  • 111

Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, WhatsАpp желісінде тараған аудиожазбада қалаға қарасты Желаев кентінің тұрғынынан коронавирус анықталып, ауруханаға түскендігі айтылған.

Бұл – жалған ақпарат. Қазіргі таңда коронавирусқа қолайсыз елдерден келген 19 адам тұрақты бақылануда. 

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, коронавирус жұқтырғандар жоқ. 

«Азаматтарға тек ресми мәліметке сену керектігін, ал жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар