27 мау, 2017 сағат 15:12

Оралда қоғамдық көлікпен жүру ақысы көтеріледі

Оралда қоғамдық көлікпен жүру ақысы 80 теңгеге дейін көтеріледі, деп хабарлады қалалық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі. 

«Қалалық мәслихат депутаттары қалалық жолаушылар тасымалдау көліктеріндегі тарифті көтеру туралы ұсынысты қолдады», - делінген хабарламада. 

Бүгінге тариф 2013 жылы бекітілген. Ол 60 теңгені құрайды. 

Қалалық жолаушылар тасымалдау кәсіпорындары бірнеше рет қалалық мәслихатқа жүгініп, жол жүру ақысын 130 теңгеге дейін көтеруін сұраған. 

Тасымалдаушы кәсіпорындардың келтіріп отырған уәждары - ЖЖМ бағасы 35%, қосалқы бөлшектер бағасы 20% қымбаттаған. Олардың есептеуінше, қалада бір жолаушыны тасымалдау орташа бағасы 185 теңгені құрайды. 

Қазірге Оралда жолаушылар тасымалын 6 тасымалдаушы іске асырады: «Ақжол авто» ЖШС, «Батыс Дилижанс» ЖШС, «ЗКАП», «ОралАвтоТранс», «ПАП №1» ЖШС және «УралТехСервис» ЖШС.

Жолаушылар тасымалдау 33 қалалық, 13 саяжайлық және 7 қала маңы автомобиль маршруттарын қамтиды. Көлік саны 644 болғанымен, олардың 61% ескі автобустар.