06 сәу, 2020 сағат 17:27

Оралда кеш өткізген блогер 10 тәулікке қамалды

Оралда кеш өткізіп, көңіл көтерген блогер Айдын Түсіпов 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, карантинге қарамастан, төтенше жағдай талабын бұзған алматылық блогер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы 6-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. 

Сонымен қатар оның екі досы мен мейрамхана иесіне де осындай шара қолданылды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі нақтылағанындай, блогер мен оның достары Ресейден Қазақстан аумағына 31 наурыз күні Тасқала ауданы арқылы өткен.