#
#
Сейсенбі 18/06/2019

Оралда IT HUB технопаркі ашылды

  • 12.06.2019
  • 0
  • 360

Жақында Батыс Қазақстан облысында IT HUB халықаралық технопаркі ашылды. Орталық «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасамақ.

Аталған технопарк өңірдегі цифрлық ақпараттың кең тарауына ықпал етіп, жергілікті жас дарындардың өз идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

IT-қауымдастықтың айтуынша, жаһандық технологиялық алаң экономиканың дамуын жеделдетеді әрі тұрғындардың тұрмыс сапасын түзеуге қол ұшын созады.

«Біздің мақсатымыз – бірыңғай экожүйені 2 жыл ішінде құру. IT HUB облыстағы инновацияны дамытатын қозғаушы күш болуы қажет. Технопарк алаңында үш негізгі қатысушы бар. Олар: мемлекет, бизнес және қоғам. Қоғам қажеттілікті тудырады, мемлекет мақсаттар мен міндеттерді қояды, ал бизнес болса, өмір сапасын арттыру үшін белгілі бір істерді жасайды», – дейді IT-қауымдастық өкілі Игорь Кочетков.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов технопарктің ашылуына қатысып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Мен біздің IT-компанияларға алғыс айтқым келеді. Өткен жылы модернизациялауға және жетілуге байланысты бірқатар тапсырмалар алға қойылды. Біздің түпкі мақсатымыз – азаматтардың мемлекеттік қызметті сапалы алуы. Сондай-ақ, бұл міндеттер Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көзделген. ҚР Президенті де халықпен кері байланысты күшейту керектігін, бәрі ашық болуын тапсырған болатын. Бұл жобалар бізде басталып та кетті», – дейді өңір басшысы.  

Қазіргі таңда БҚО-да цифрландыру бағыттары бойынша 140-тан астам жоба жүзеге асырылу үстінде. Бүгінде түрлі салалар бойынша цифрландыру жұмыстары жаппай қолға алынып, өз нәтижелерін көрсете бастады. Оған мысал ретінде, денсаулық сақтау саласындағы ауқымды жұмыстарды айтсақ болады. Яғни, пациенттердің медициналық карточкалары электронды форматқа көшіп, дәрігерлер емделушілерге көп уақытын бөле алатын деңгейге жетті. Сондай-ақ, қаладағы барлық емханаларда электронды кезек күту жүйесі пайда болды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар