#
#
Жексенбі 08/12/2019

Оралда автокөлік 10 жасар қызды қағып кетті

  • 21.11.2019
  • 0
  • 311

Орал қаласында автокөлік 10 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 қараша күні кешкісін Әбілқайыр хан даңғылы мен Желаев трассасы арасындағы шағын Нұр көшесінде орын алды.

«Қызды қағып кеткен машина оқиға орнынан бой тасалаған. Қандай автокөлік екендігі белгісіз. Қазіргі кезде оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Болатбек Белгібеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, «Бәйтерек» шағынауданы Нұр көшесінде болған жол-көлік оқиғасына байланысты жедел жәрдем сағат 20.51-де шақырылды. Бригада 6 минуттан кейін жетті. 2009 жылғы қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар