06 қыр, 2019 сағат 15:21

Оңтүстік Кореяға сұрапыл тайфун жақындап қалды

Оңтүстік Кореяға «Линглинг» қуатты тайфуны жылжып келеді. Бұл туралы Yonhap агенттігі жергілікті метеорологтарға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қуатты тайфун Оңтүстік Кореяның солтүстігіне қатты жылдамдықпен жақындап қалды. Тайфун жұма күні түстен кейін елдің ең оңтүстігіндегі Чеджу аралына жетеді», - делінген хабарламада.

Аталып өтілгендей, «Линглинг» тайфуны осы маусымдағы 13-ші дауыл болмақ. Желдің екпіні сағатына 200 шақырымға жетуі мүмкін.

Бүкіл мемлекетте қауіптілік туралы ескерту жарияланды. Чеджу аралындағы әуежайда 25 әуе рейсі тоқтатылды. Бұдан бөлек, арал мен елдің басқа да бөліктері арасында тасымалдайтын 14 жолаушылар кемесіне теңізге шығуға тыйым салынды. Инчхон қаласындағы порттан 300 жүк кемесі эвакуацияланды.