22 мау, 2018 сағат 09:26

Оңтүстік Кореяда иттерді тамақ үшін өлтіруге тыйым салынды

Оңтүстік кореялық Бучхон қаласының соты ит фермаларының бірін "жануарларды қажетсіз өлтіргендері үшін" жауапқа тартты, - деп хабарлайды The Daily Mail.

Енді ит фермасының иесі үш миллион вон немесе 2,7 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс. Белсенділер мұны иттерді ет үшін аулуды толық тиюға жасалған қадам деген үмітте. 

Еске салайық, иттің еті Оңтүстік Корея тамағының ажырамас бөлігіне айналған. Елде жыл сайын миллионға жуық ит желінеді. 

Былтыр жүргізілген сауалнама бойынша, ел тұрғындарының 70 пайызы ит етін тамаққа пайдаланбайды, алайда, аталған тыйымға тек 40 пайызы келіскен. Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда 17 мыңнан астам ит фермасы бар, - деп жазады "МИР 24".

Тengrinews.kz