#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Сеулге барды (Видео)

  • 14.10.2019
  • 0
  • 222

Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып кетіп, соңынан елден кетіп қалған Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып келді. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы азаматының Кореяға келу барысы елшілік қызметкерлерінің бақылауында өтті. Дипломаттар жеке сұхбат барысында оның құқықтарын түсіндіріп, тергеу кезінде өзін қалай ұстауы керектігі туралы кеңес берді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта отандасымыз Чангвон қаласының тергеу изоляторында қамауда отыр. Елшілік бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстайды.

Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, оқиға өткен айда Оңтүстік Кёнсан провинциясында болған. Бастауыш мектепте оқитын баланы көлік қағып кеткеннен кейін денсаулығына үлкен зақым келген, деп хабарлайды Ұлттық полиция агенттігі.

Миына қан құйылған бала оқиғадан кейін ес-түссіз жатқан.

Ақпарат агенттігі қазақстандық заңсыз иммигранттың жүргізуші куәлігі болмағанын атап кетті. Ол басқа адамның атына тіркелген көлікті айдаған. Сондықтан полиция жол апатына кінәлі адамды уақытында анықтай алмай, елден кетуге тыйым сала алмаған.

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланғаннан кейін Оңтүстік Корея полицейлері қазақстандық әріптестеріне аталмыш оқиғаға қатысты шара қабылдауды өтінді. Осылайша олар қазақстандық полициямен бірлесіп, заң бұзушының жүрген жерін анықтады.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея қазақстандық әріптестеріне күдіктіні Сеулге экстрадациялау туралы өтініш білдірді. Сеулдегі Қазақстан елшілігінің көмегімен оңтүстіккореялық тарап жас жігітті өз еркімен елге қайтуға көндіре алды.

Қазақстандық Интерпол жүргізген тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын мойындап, Оңтүстік Кореяның полициясына берілу жөнінде шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан болатын. Біраз уақыттан кейін оның Павлодарда жүргені белгілі болды.

Осы жағдайдан кейін Оңтүстік Кореяның билік өкілдері заңсыз жүрген шетелдік азаматтарға елден алдын ала ескертусіз шығуға тыйым салатынын мәлім етті.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар