16 қаң, 2017 сағат 18:07

Онлайн тәртібінде уақытша тіркеу осы аптаның соңында дайын болады

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

 «Бүгінгі таңда 250 мыңнан астам адам тіркеуден өтті. Бұл өткен жылдың осы аралығымен салыстарғанда 5 есе көп. Біз онлайн тәртібінде уақытша тіркеу бағдарламасын осы аптаның соңына дейін бітіреміз. Осы орайда, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы аталған бағдарламаның техникалық жабдықтамасын 80 пайызға дайындап қойғанын айта кету керек.  Енді тапсырыс беруші ҚР ІІМ тарапынан нұсқау түскенде, бағдарлама жұмыс істей бастайтын болады», - деді министр. 

Еске сала кетейік, бүгін Азаттық радиосының тікелей эфирінде Уақытша тіркеу мәселесі талқыға салынды. Аталған тақырыпты талқылауға белсенді заңгерлер мен сарапшылар, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты.