#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Өңірлерде 10 мыңнан аса дербес қазандық жылыту маусымының басталуына дайын - Атамқұлов

  • 23.09.2019
  • 0
  • 342

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жергілікті атқарушы органдар 10 623 дербес қазандықты жөндеуді жоспарлаған, оның ішінде 10 606 қазандық немесе 99,8% дайындалды. Жөндеу жұмыстары Маңғыстау облысында – 94,2 %, Қызылорда облысында – 99,2 %, Шымкент қаласында - 99,3 % жалғасуда. Қалған өңірлерде дербес қазандықтардың толық дайындығы қамтамасыз етілген. Жылу желілерін дайындауға қатысты жоспарланған 4 990 км жылу желілерінен ағымдағы кезеңде 4 943 км жылу желілері немесе 99,1% жөнделді. Жылу желілерін жөндеу бойынша төменгі дайындық Нұр-Сұлтан қаласында – 73,6%, Маңғыстау облысында – 91,7%, Атырау облысында – 96,8%», — деді Бейбіт Атамқұлов. 

Сумен жабдықтау желілерін дайындауға қатысты, 15 116 км сумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 14 917 км немесе 98,7% жөнделді. Сумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша  Нұр-Сұлтан қаласында – 71,6 % , Ақтөбе облысында – 83,8 %, Түркістан облысында – 89,9 %, Шымкент қаласында – 90,5 % әзірлік төмен. 

Білім беру нысандарын дайындау бойынша ағымдағы кезеңге 10 967 білім беру объектісі дайындалды немесе жоспардағыдан 99,6 % орындалды. Барлық білім беру объектілерін 1 қыркүйекке дейін дайындау жоспарланған болатын. Алайда, дайын емес объектілер үш өңірде қалды: Нұр-Сұлтан қаласында дайындық – 97,7 %, Батыс Қазақстан облысында – 99,5 %, Атырау облысында – 99,5 %. 

Денсаулық сақтау объектілерін дайындауға қатысты, 5 936 объектіні дайындау жоспарланған, соның ішінде 5 921 объекті немесе 99,7 % дайындалды. Қалған өңірлерге қарағанда дайындығы төмен Атырау облысында – 95,2 %, Ақтөбе облысында – 98,9 %, Батыс Қазақстан облысында – 99 % байқалады. 46 809 тұрғын үй жөндеуге жоспарланған, іс жүзінде 45 908 тұрғын үй немесе 98,1 % дайындалды. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша Батыс Қазақстан облысында (84,5%), Түркістан облысында (94,9 %), Шымкент қаласында (90,7%) жұмыс қарқыны төмен.

2017 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көп пәтерлі тұрғын үйлерде, білім беру, әлеуметтік сала объектілерінде белгіленген құрылыс нормалары және ережелерін (ҚНжЕ) бұза отырып орналастырылған дербес қазандықтарды шығаруға мониторинг жүргізеді. Жалпы құрылыс нормалары және ережелері бұзушылықпен орнатылған 769 дербес қазандық анықталды, оның ішінде 39-ы - көппәтерлі тұрғын үйлерде, 730-ы - білім беру, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінде. Оларды шығару жергілікті бюджет немесе басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

2019 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 419 бірлік ДЖЖ немесе жоспардан 54,5%-ы шығарылды. Шығарудың төмен қарқыны Қостанай облысы – 13 %, Ақмола облысы – 36 % және Қарағанды облысында – 51%.

«Көмір өндіруші компаниялармен 75,1 млн тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2 %-ды құрайды. Еліміздің ішкі нарығына осы кезеңде 51,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,6 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4,8 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға аз. Коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 7,1 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 92,8%-ды құрайды. Көмір экспорты 19,8 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрайды»,  деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 млрд теңгені құрайды. Ең көп дебиторлық берешек Алматы қаласында– 2,6 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 1,7 млрд теңге, Маңғыстау облысында – 1,5 млрд теңге, Шымкент қаласында - 1,3 млрд теңге көлемінде сақталып отыр. Сондай-ақ 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында берешектің 533 млн теңгеге өсуі байқалады. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда қарыздардың төмендеуі Шымкент қаласында 1,1 млрд теңгеге және Нұр-Сұлтан қаласында 568 млн теңгеге жетті. 

Дебиторлық берешек бойынша ең төмен көрсеткіштер Алматы облысында  байқалады  5 млн теңге. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар