03 қар, 2016 сағат 12:57

Өнім өндіру ұлғая түседі

Алматы облысы көле­мінде көптеген өндіріс орын­дары бар. Со­лар­­­дың бірі Жамбыл ау­данына қа­расты Қасым­бек ауы­лын­дағы «Сұң­қар Алматы құс фабрикасы» жауап­кершілігі шектеулі се­ріктестігі.

Жалпы, бұл кәсіпорын жұ­мыссыз жүрген аза­мат­тардың еңбекпен қам­­ты­лып, олардың әлеу­меттік жағдайын жақ­сартуға сү­белі үлесін қосып отыр. Аталған фабрика ТМД-дағы ең жақсы агроөндірістік жо­балардың бірі болып та­былады. Жеткен жетіс­тік­те­рі де аз емес. Мә­селен, 2013 жы­лы «Қа­зақстан лидері» атанса, Францияның ұлттық өн­діріске қатысушылар ас­со­циациясының «SEIN» ал­тын медалін иеленген. Өн­діріс орны жаңа тех­но­ло­­гия­мен толық жаб­дық­талған. Құс бағу мен өнім алу жұ­мыс­тары да бар­лық талапқа сай жүзеге асы­рылуда. Кә­сіп­орынның дамуына «Биз­нес­тің жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасының қосып отыр­ған үлесі зор.

Жамбыл ауданының әкі­­­мі Жандарбек Дала­баев ір­гелі кәсіп­орны­ның ты­ныс-тір­шілігін үне­мі на­зар­да ұстап оты­рады. Іс жүргізуге бай­­ланысты туындаған мә­се­ле­лер­дің оң шешімін та­буына дәйім қолдау көрсе­те­ді. Мем­лекеттің көмегін пай­­­­­да­ланып, электр қуа­­ты мен кө­гілдір отын­ды өндіріс ор­нына дейін тар­тып бе­руге қол ұшын соз­ды. Кә­сіп­орын­­да құс­тарды азық­тандыру, жұ­мырт­қасын қорапқа салу сияқ­ты істің бәрі авто­матты түрде ат­қа­ры­ла­ды.

Қазір мұнда сексен адам жұмыс істейді. Олар­­дың ор­таша жа­ла­қысы 60-80 мың теңге. Ал білікті ма­ман­дар 140–150 мың теңге көле­мін­де жалақы алады. Фабрика еңбеккерлері арнайы киім­­мен қам­та­масыз етіл­ген. Серік­тестік бұ­ған дейін 90 млн. дана жұмыртқа өн­діріп келсе, алдағы жыл­дары ол 168 млн. данаға дейін жет­пек. Ендігі ке­зекте ме­кеме қызмет­кер­лері өз өнім­де­рі­мен бүкіл Қа­зақ­стан нары­ғын қам­тасыз етуді жос­пар­лап отыр.

Көгедай Шәрмехан

"Жетісу" газеті