29 қар, 2019 сағат 11:46

OneWeb спутнигі келер жылы Байқоңырдан ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағында 2020 жылғы ұшырылымға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметі.

«Байқоңырда туризмді дамыту жолдарын атады Қазақстан әлемдік ғарыш қауымдастығының толыққанды мүшесі атануға ниетті - министр Байқоңырда «Фрегат М» үдемелі блоктары бар контейнерлер әуе рейсімен жеткізілді. Ондағы «Союз-2» зымыран-тасығышын OneWeb британиялық спутниктік жүйесінің ғарыш құрылғысымен орбитаға шығару жоспарланып отыр» делінген таратылған ақпаратта.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы 2015 жылдың маусымында Arianespace және OneWeb компанияларымен келісімге қол қойды. Оның нәтижесінде «Фрегат» тобындағы үдемелі блоктары бар «Союз-2» зымыран-тасығыштары Байқоңыр ғарыш айлағынан, Восточный және Гвиан ғарыш орталықтарынан OneWeb ғарыш жүйесінің 573 байланыс спутнигін 21 рет ұшырады.

Жерді толық қамтитын OneWeb коммуникациялық спутниктерінің орбиталық тобы әлемдегі барша қолданушыларға Интернет желілерін қолжетімді етуге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшырылым кестесіне сәйкес, OneWeb спутниктерін Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет ұшыру 2020 жылы қаңтар айының соңына жоспарланған.