21 там, 2019 сағат 15:32

Өмірзақ Шөкеев ҚР Президентіне Арысты қалпына келтіру туралы баяндады

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы 7 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен Түркістандағы құрылыстар жөнінде баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.