#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Омбыда этникалық қазақтардың басын қосқан бизнес-форум өтті

  • 08.11.2019
  • 0
  • 37

РФ Омбы қаласында этникалық қазақтардың басын қосқан бизнес-форум өтті. Аталған шара шет елде тұратын этникалық қазақтар және сол елге қоныс аударған отандастармен байланыс орнату жөнінде Тұңғыш Президент – Елбасы берген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында құрылған «Отандастар қоры» бағдарламасының бір бөлігі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Басқосуда «Отандастар қоры» бірінші вице-президенті Талғат Адуов форумға қатысушыларды қор құрылымы мен механизмдері туралы айтып берді. Әсіресе әлемдегі қазақ диаспорасын біріктіретін құрамына «Атамекен» іскерлік үйін мен «Абай» мәдени үйі кіретін «Qazaq House» мәдени- іскерлік үйі жобасына ерекше назар аударды. Т.Адуов «Qazaq House»-тың негізгі тұжырымымен, оның қызмет бағытымен жан-жақты таныстырды.

Бұдан бөлек, «Атамекен» іскерлік үйі қызметі түсіндіріліп, оның шет елдегі кәсіпкер қандастарға ұсынатын мүмкіндіктері туралы әңгіме өрбіді. Форумға қатысушылар «Атамекен» іскерлік үйіне қатысты қызығушылық білдіріп, оның дамуына қатысты өз ұсыныстары болатынын атап өтті.

Қатысушылар тарапынан сөз алған Омбы қазақтары қауымдастығының өкілі Алина Смыкова этникалық белгісі қойылған өнім шығаратын шеберхана ұйымдастырып, оны Ресей өңірлеріне тарату мүмкіндігін қарастыру жайлы әңгімеледі. Ал Ринат Төкенов мемлекет-жекешелік серіктестігі бойынша ұлттық нышанда балабақша ашуды, ондай мекеменің қазір өте қажет екені туралы айтты. Серік Рахымов болса Ресейден Қазақстанға астық пен қиыршық тас жеткізудегі қиындықтар жайлы айтып, қор өкілдерінің осы мәселенің шешілуіне көмектесуін сұрады.

Бизнес форумға қатысушылар жиын соңында Омбы өңірі қазақтарының облыста «Абай» мәдени үйінің құрылуына қолдау көрсетуге, «Отандастар» қоры ұйымдастыратын іс-шаралар мен жобаларға қатысуға және бизнес ынтымақтастыққа қатысты өз ұсыныстарын әзірлеуге ықылас білдірді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар