10 жел, 2018 сағат 07:05

Олжас Сүлейменов басшылық қызметке тағайындалды

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменов жаңа қызметке келді.

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жаңа басшысы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы ұжымға жаңа басшы Олжас Омарұлы Сүлейменовты таныстырды.

Айта кетсек, "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі 2016 жылы құрылған болатын. Мекеменің негізгі қызметі музей құндылықтары мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және насихаттау, сондай-ақ ұлттық мұраны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану саласында жаңа білімді алу мен қолдануға бағытталған ғылыми-ағартушылық қызметті және қолданбалы, жобалық, ізденістік және ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылады. Осы уақытқа дейін аталмыш мекемені арxеолог-ғалым Карл Молдаxметұлы Байпаков басқарған болатын.