14 жел, 2016 сағат 09:45

Олланд пен Меркель Ресейге қарсы санкцияны ұзарту керек деп шешті

Украина жөнінде Минск келісімінің орындалуында прогресс аз, сол себептен Ресейге қарсы санкцияны ұзарту керек деп есептейді Германия канцлері Ангела Меркель.

Оның ұстанымын Франция президенті Франсуа Олланд қолдады. Екі саясаткер сейсенбі күні, 13 желтоқсанда Берлинде екіжақты келіссөздерден кейін журналистер алдында сөз сөйледі.

Франция президенті Сириядағы жағдайға, атап айтқанда қоршаудауғы Алеппо тұрғындары әлі күнге дейін гуманитарлық көмек ала алмай келе жатқандығы үшін жауапкершілікті Ресейге жүктеді. Ресейсіз сириялық режим де болмаушы еді, Сириядағы бүгінгі жағдай осындай деп атап өтті Олланд. Ол Алеппо тұрғындарына тезірек көмек көрсетуге шақырды.

Ұлт порталы