29 қаң, 2018 сағат 18:04

Олимпиадаға баратын Қазақстан спортшыларының толық тізімі белгілі болды

Төртжылдықтың басты додасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындарына баратын қазақстандық спортшылардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Міне, бүгін жолдама жеңіп алған спортшыларымыздың есімдері белгілі болды. Бұл тізімді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі таратты. Бүгінде құрама еншісінде 57 жолдама бар. Олар биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул - 4, фристайл-акробатика - 5, тау шаңғы спорты - 2, трамплиннен секіру - 1, шаңғы спорты - 1. Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлоншылар кіреді. Олар 1 ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланған. 7 ақпанда Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.

Естеріңізге салайық, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.

1.Биатлон

1. Подкорытов Василий спортшы  
2. Браун Максим спортшы  
3. Хамитгатин Тимур спортшы  
4. Еремин Роман спортшы  
5. Витенко Владислав спортшы  
6. Вишневская Галина спортшы  
7. Климина Дарья спортшы  
8. Полторанина Ольга спортшы  
9. Бельченко Елизавета спортшы  
10. Райкова Алина спортшы  

2. Коньки тебу спорты

11. Креч Роман спортшы  
12. Кузин Денис спортшы  
13. Мезенцев Федор спортшы  
14. Крикунов Артем спортшы  
15. Палкин Станислав спортшы  
16. Айдова Екатерина спортшы  

3. Конькимен мәнерлеп сырғанау

17. Тен Денис спортшы  
18. Тұрсынбаева Элизабет спортшы  
19. Мамбекова Айза спортшы  

4. Шаңғы жарысы

20. Полторанин Алексей спортшы  
21. Величко Евгений спортшы  
22. Волотка Денис спортшы  
23. Пухкало Виталий спортшы  
24. Шевченко Анна спортшы  
25. Коломина Елена спортшы  
26. Тюленева Валерия спортшы  

5. Шорт-трек

27. Ажғалиев Абзал спортшы  
28. Жұмағазиев Нұрберген спортшы  
29. Никиша Денис спортшы  
30. Шамұханов Еркебұлан спортшы  
31. Жаксыбаев Мерсаид спортшы  
32. Крестова Анастасия спортшы  
33. Ким Ионг А спортшы  

6. Фристайл

Могул

34. Рейхерд Дмитрий спортшы
35. Колмаков Павел спортшы
36. Галышева Юлия спортшы
37. Амренова Аяулым спортшы          

Акробатика

38. Алдабергенова Жанбота спортшы  
39. Жолдас Аяна спортшы  
40. Қалмұрзаева Ақмаржан спортшы  
41. Ақжігіт Маржан спортшы  
42. Бадрутдинов Ильдар спортшы  

7. Тұғырдан шаңғымен секіру

43. Ткаченко Сергей спортшы  

8. Тау шаңғы спорты

44. Закурдаев Игорь спортшы  
45. Григорова Мария спортшы  

9. Шана спорты

46. Копыренко Никита спортшы