07 жел, 2019 сағат 09:39

Олимпиада чемпионы Баландин Америкада алтын алды

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Атлантада жүзуден өтіп жатқан АҚШ ашық біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, аталмыш турнирге Қазақстаннан Д.Баландин мен Әділбек Мусин қатысуда.

Жарыс барысында Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шықты. Оның көрсеткіші – 59.36. Америкалықтар Андрю Уилссон (59.54) мен Коди Миллер (59.92) екінші және үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Д.Баландин – 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына олжа салады-ау деген басты үміткерлердің бірі.