#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Ол жерде өзіне-өзі қол жұмсау фактісі болған - Министр әнші өліміне қатысты

  • 17.09.2019
  • 0
  • 795

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жанар Хамитованың өліміне қатысты қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Барлықтарыңыз да білесіздер, ол жерде өзіне-өзі қол жұмсау фактісі болған. Дегенмен, кейбір нюанстардың болуына байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Іс аясында барлығы тексеріледі», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

"Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова 16 қыркүйекте көз жұмды. Белгілі болғандай, әнші таңғы тоғыздар шамасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қаза болған.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар