04 жел, 2017 сағат 08:45

ОҚО-да «Десант» ведомствоаралық тобы аудандағы құқық қорғау органдарының жұмысын тексеруде

Оңтүстік Қазақстан облысында «Десант» ведомствоаралық тобы Арыс ауданындағы құқық қорғау органдарының жұмысын тексеруде. Облыстық прокуратураның басшылығымен құрылған топта қадағалаушы және ішкі істер органдары, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік қызмет агенттігінің қызметкерлері бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоаралық топтың ауданға барудағы мақсаты - жергілікті мемлекеттік органдар мен қылмысты қудалау органдарына «халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсету» сұрағы бойынша тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.

Топ мүшелері жұмыс барысында құқық қорғау органдары жұмысының сапасына талдау жүргізіп, созбалаңдыққа салынған қылмыстық істерді  зерттеп жатыр. Бір апта бойында әрбір іс бойынша түпкілікті шешім қабылдауға шаралар қолданатын болады. Осылайша құзырлы орган өкілдері бірлесіп, қылмыстық істердің созбалаңдыққа салынуын болдырмауға күш салмақ. Әрі қылмыстық процеске қатысушылар тарапынан шағымдар азайып,  халықтың билік өкілдеріне деген сенімі артады деген ойда. Тәжірібелік көмек көрсету үшін келген жұмыс тобына ауылдағы ағайынның да айтары аз емес.

Жұмыс барысында ведомствоаралық топпен құқық қорғау органдары жұмысының сапасына талдау жүргізіледі және созбалаңдыққа салынған қылмыстық істер зерттеліп, олар бойынша түпкілікті шешім қабылдауға шаралар қолданылады.

Нәтижесімен, қылмыстық істердің созбалаңдыққа салынуын болдырмау арқылы, қылмыстық процеске қатысушылар тарапынан шағымдардың азаюы және халықтың билік өкілдеріне сенімін арттыру күтіледі.