04 мау, 2018 сағат 09:17

ОҚО-да биыл "7-20-25" бағдарламасымен 30 көпқабатты тұрғын үй берілмек

Биыл жеке құрылыс компаниялардың қатысуымен 104 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл - 413,9 мың шаршы метр болатын 5 122 пәтер. Осы тұрғын үйлердің 30-ы, яғни, 1 454 пәтер биылғы жылдың соңында пайдалануға тапсырлады. Аталған тұрғын үйлер «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде халыққа берілетін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында Президенттің «БЕС әлеуметтік бастамасы» жүзеге асырылып келеді. Оңтүстік Қазақстан - республикада Адами ресурқа бай, демографиялық өсу қарқыны жоғары өңір. Сондықтанда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беретін Елбасының бастамасын оңтүстік халқы ерекше қуанышпен қабылдады.

Бұл бастама арқылы облыстағы тұрғын үй кезегіндегі 60 мың азаматтың, жер кезегіндегі 220 мың азамттың және «Тұрғынүйжинақ» банкіндегі 61 мың салымшының баспана мұқтажын шешеді.

Бұдан бөлек, «Шымкент Сити» қалашығында «7-20-25» бағдарламасы аясында 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй салуға қызығушылық танытқан жергілікті 20-ға тарта инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде жыл қорытындысымен 780,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.