#
#
Сенбі 20/07/2019

Өгей шеше қорлаған қыздар: Мектеп директоры мен сынып жетекшілері жазаланады

  • 18.04.2019
  • 0
  • 8919

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауына алынды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

11 сәуір күні Д.Қонаев атындағы №9 орта мектебінің басшылығынан Жетісай ауданының құқық қорғау органдары қызметкерлеріне 6, 7 және 9 сынып оқушыларына қатысты заңсыз әрекеттер туралы ақпарат келіп түскен. 12 сәуірде жүргізілген тексеріс нәтижесінде аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қыздардың әкесіне қатысты және ҚР Қылмыстық Кодексінің 110-бабы «Азаптау» бойынша қыздардың өгей анасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Тексеру барысында әкесінің бірге тұратын әйелімен (қыздардың өгей анасымен) заңды некеде тіркелмегені және әйелдің бұл қыздардың заңды өкілі болмағаны анықталды. Тергеу іс-шаралары барысында балаларға физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсету фактілері анықталды. Қазіргі кезде қыздардың өгей анасы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Кәмелет жасқа толмағандардың денсаулық жағдайын ескере келе оларды аудандық ауруханаға жатқызу туралы шешім шығарылды. Бүгінгі таңда балалармен дәрігерлер, психолог және психиатрлар жұмыс істеуде. Емдеуші дәрігерлердің айтуынша, қыздардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханадан шыққаннан кейін қыздардың қауіпсіздігі үшін кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен олар туған әжесіне жіберіледі. Қыздардың туған әжесі қазіргі таңда басқа баласының отбасымен тұрады. Сот-медициналық сараптама қорытындысы және істің басқа материалдарын дайындау нәтижелері бойынша қыздардың әкесі мен өгей анасына қатысты іс Ювеналды сотқа жіберіліп, үкім шығады» делінген хабарламада. 

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты уақытылы анықтау бойынша жеткіліксіз жұмыс жасағаны үшін аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог және 3 сынып жетекшісіне қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылады.

18 сәуір күні педагогтар, ата-аналар, денсаулық сақтау саласы мен ішкі істер органдары қызметкерлері және Жетісай ауданының жұртшылығымен өткен кездесуде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету сұрақтары талқыланып, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүйелік шаралар қабылданды.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар