20 жел, 2018 сағат 12:30

"Один дома" фильмінің бас қаһарманы есейген шағында картинаның қызықты сәттерін қайталады

"Один дома" рождестволық фильмінің бас қаһарманы тағы үйде жалғыз қалып қойды. Ол фильмнің ең қызықты сәттерін Google Assistant жарнама ролигі үшін қайталаған.

Компанияның YouTube арнасында жарияланған видеоның астында Кевин МакАлистерге тағы да көмек керек, өйткені ол мереке күндері үйінде жалғыз қалды деп жазылған.

1990 жылы түсірілген түпнұсқамен салыстырғанда, енді ол гаджетті немесе "ақылды үй" жүйесін пайдаланып кез келген сәтте жәрдем ала алады.

Роликті 2,8 миллионнан астам адам тамашалаған. 3 мыңнан астам адам пікір қалдырып, бұл видео таптырмас мерекелік сый болды деп қуанып жатыр.

Оның алдында компания жарнаманың қалай түсірілгенін, неге фильмнің дәл осы сәттері таңдалғанын айтқан болатын.