04 мау, 2020 сағат 13:11

Облыстар арасындағы автобустар қатынасы 5 маусымға дейін жанданады

Қазіргі кезде облысішілік бағыттар 10 өңірде жанданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде облысішілік бағыттар 10 өңірде жанданған, ал қалған 4 өңірде (Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа) биылдың 5 маусымына дейін қайта іске қосу жоспарлануда», - делінген ведомство мәліметінде. 

Бұдан бөлек, облысаралық бағыттар 3 өңірде жанданды. Қалған өңірлерде бұл шаралар 5 маусымға дейін жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып, автобус бағдарларында жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезіндегі жұмыс алгоритмі әзірленді. 

Осы орайда әкімдіктер санитарлық нормалардың сақталуын ескере отырып, тұрақты автобус тасымалдарын облысішілік (1379 бағыт) және облысаралық (313 бағыт) қатынаста биылғы 1 маусымынан бастап жандандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы ақпараттандырылды.