09 қаң, 2017 сағат 12:09

Обама: Ресейдің АҚШ сайлау кампаниясына араласуы мұқият дайындалған

АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің Америкадағы сайлау процесіне араласуы аяқ астынан емес, алдын ала жоспарланған деп мәлімдеді. Ол бұл жөнінде жексенбі күні ABC каналына берген сұхбатында айтқан.

Америкалық арнайы қызметтің ресейлік кибер-шабуылға қатысты мәлімдемесіне Дональд Трамптың шүбә келтірген сөздеріне қатысты Обама "Мен көптеген республикашылдардың өзінің отандастарынан көрі Владимир Путинге көп сенетініне алаңдаймын. Өйткені олар демократ болғаны үшін бе?" деген пікірін жеткізді.

Жұма күні америкалық арнайы қызметтің өкілдері мен жаңадан сайланған президенттің кездесуі болды. Алайда Дональд Трамп олардың уәждеріне құлақ аспай "ресейлік хакерлер президент сайлауының қорытындысына әсер етпеді" деген нық көзқарасынан айнымады.

Обама партиялар арасында көзқарастар әртүрлі болғанымен бір елдің мүддесі үшін жұмыс істеп отырғанын ұмытпау керек, ал Путин бөлек деп атап өтті.

Обаманың сөздерінше, егер Құрама Штаттар кибер қауіпсіздігін күшейтпесе, онда мемлекет 30, 20 немесе 10 жылға кейін шегінуі мүмкін.