#
#
Дүйсенбі 19/02/2018

«Оазис» көркем фильмі прокатқа шығады

  • 01.02.2018
  • 0
  • 583

1 ақпан күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Asau Art Films» қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Оазис» фильмі прокатқа шығады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, фильмде көздеген мақсаттарына жету жолында әр қайсысының өз амалдары бар, өмірге деген көзқарастары бір-біріне ұқсамайтын, мінездері де мүлдем бөлек екі жігіттің тағдыры баяндалады. 

- Бүгінгі қазақ қоғамы рухани тұрғыдан - тілдік, діндік тұрғыдан екіге бөлініп жатыр. Қазақ қазақты түсінбей жатыр, бұл ұлтымыздың трагедиясы. Осының жемісін жас ұрпақ жинап жатыр. Бұл трагедияны біз «Оазис» фильміндегі кейіпкерлері арқылы  - далада кездескен екі қазақтың қақтығысы арқылы көрсетуге тырыстық.  Бірі – діні де, тілі де, тарихы да бұзылмаған, оралман жігіт болса, екіншісі – Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленген, діні де жоқ, тілі де жоқ, тарихи жады да жоқ Руслан есімді шала қазақ. Жалпы, «Оазис» – дін тақырыбын қозғап, иманы бұзылған қазақ қоғамы үшін иманның қаншалықты маңызды екенін кино тілімен айтуға ұмтылған фильм, – деді фильмнің сценарий авторы, белгілі жазушы Смағұл Елубай.  

«Оазис» фильмінің негізгі түсіру жұмыстары Алматы облысы Шонжа ауылында, сонымен қатар Алматы қаласында жүргізілді. Фильмдегі басты рөлді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер институтының түлегі Айдар Асарбай сомдады. 

Айта кетсек, «Оазис» фильмі режиссер Бегарс Елубайдың алғашқы жеке жұмысы. Оның алдында ол режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовпен бірге балаларға арналған «Аңшы бала» фильмін (2012 жылы жарыққа шыққан) түсірген болатын. Аталған туынды көптеген  халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, Голливудта өткен халықаралық кинофестивальде «Шетелдің үздік фильмі», 2012 жылы өткен «Киношок» фестивалі шеңберінде «Киномалышок» байқауында «Үздік фильм» жүлделерін имеденді. Сондай-ақ, Иркутскіде өткен «Байкал жүрегі» халықаралық киносфестивалінде «Балаларға арналған үздік фильм» жүлдесімен марапатталған болатын. Бүгінде режиссер «Бала ғашық» атты келесі фильмді түсіріп жатыр. 

«Оазис» 

Фильмде өмірге деген көзқарастары бір-біріне ұқсамайтын, мінездері де мүлдем бөлек екі жігіттің тағдыры баяндалады. Руслан - ананың мейірімін көрмеген тастанды бала. Полиция қызметкерлерінен қашып жүрген ол өзімен бірге бүкіл әлемді жойып жібермек ойы болады. Алайда шөлді далада ол жүрегінде иманы бар, төңірегіндегілерді махаббат пен мейірімділік нұрына бөлендіріп жүрген жігітті кездестіреді.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, «Asau Art Films» ЖШС қатысуымен

Жанры: психологиялық драма

Ұзақтығы: 88 минут

Қоюшы режиссері: Бегарс Елубаев

Сценарий авторы: Смағұл Елубаев, Бегарс Елубаев

Қоюшы операторы: Александр Рубанов

Қоюшы суретші: Джалалитдин Ибрагимов

Композиторы: Әділхан Байысбаев

Рөлдерде:Айдар Асарбай, Әділет Топаев, Сағат Жылгелдиев және басқалар.

Режиссер туралы анықтама: 

Бегарс Елубай 1974 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келді. 1991 жылы Әл Фаараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филалогия факультетіне оқуға түскен. 1998-2002 жылдар аралығында Мәскеудегі кәсіпкерлер мен құқық институында дәріс алған. 

Фильмографиясы: «Аңшы бала» (2012 ж., тең режиссері), «Оазис» (2018 ж.).

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар