28 жел, 2018 сағат 09:04

Нью-Йоркте жойқын жарылыс болды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Квинс ауданында электр стансасының трансформаторы жарылды, деп хабарлайды abc7NY.

Оқыс оқиға бүгін түнде Astoria East and North Queens Con Ed зауытында болған.

Жарылыстың қуаттылығы соншалық, түнгі Нью-Йорк аспаны ашық көгілдір түске бояkып, жарқылдаған от бірнеше шақырымнан көрініп тұрған.

Әзірге бұл оқыс оқиға жайлы нақты деректер айтылмай отыр.