23 мам, 2017 сағат 08:30

Нью-Йоркте Пулитцер сыйлығы табысталды

Нью-Йорктің Колумбия университетінде журналистика, әдебиет және музыка саласы мамандарына тағайындалған Пулитцер сыйлығын табыстау шарасы өтті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Халықаралық журналистика саласы бойынша аталмыш сыйлық Ресей президенті Владимир Путин жайлы мақала жазған The New York Times басылымының журналистеріне табысталды. Биыл сыйлық 21 номинация бойынша: ақпараттық журналистиканың түрлі жанрлары, карикатура, жаңалықтарға арналған және көркем фотосуреттер, көркем шығармалар, АҚШ тарихы бойынша жұмыстар, поэзиялық жинақтар, драмалық және музыкалық шығармалар бойынша тағайындалды.

Сыйлықтың ұйымдастырушысы - америкалық журналист Джозеф Пулитцер (1847-1911). 1904 жылы ол өсиет хатында Колумбия университетіне 2 млн. долларды мұраға қалдыратынын жазып кеткен.