21 қар, 2019 сағат 09:20

Нығматулин ТМД Парламентаралық Ассамблеясының сессиясына қатысады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық 50-сессиясына қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД ПА-ның биылғы күзгі сессияның басты ерекшілігі болып мерейтойлық 50-ші пленарлық отырысы саналмақ. Күн тәртібінде - ТМД-да 2020-2022 жылдарға арналған модельдік заң шығарудың Перспективалық жоспарының жобасы, қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау туралы модельдік заң, ұлттық экологиялық қауіпсіздік орталықтарын ұйымдастыру бойынша Ұсыныстар, трансшекаралық ақпарат алмасудағы электрондық нотариаттық іс-әрекеттер туралы модельдік заңның және басқа да заң актілері бар.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин 50-ші жалпы отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ, ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысады.

Н.Нығматулин, сонымен қатар, ТМД ПАА-ның күзгі сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.