01 нау, 2017 сағат 15:47

Нығматулин Сәпиевке: Мәжіліс ринг емес, бірақ мұнда да жекпе-жектер қызу өтеді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Серік Сәпиевті депутат болып тағайындалуымен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысы барысында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті құттықтады.

"Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді. Осыған байланысты жаңадан тағайындалған әріптесіме депутаттық корпустың атынан жауапты істе сәттілік тілейміз. Олимпиада чемпионы бірінші жұмыс күнін спорт жайлы заң жобасын талқылаған кезде бастайды. Серік, Мәжіліс ринг емес, әрине, бірақ мұнда да жекпе-жектер қызу өтеді. Сондықтан саған мұнда бізбен бірге жеңістерге жетуіңді тілейміз", - деді Мәжіліс спикері.

Еске сала кетейік, кеше, 28 ақпанда Серік Сәпиевтің Мәжіліс депутаты болғаны хабарланған еді. ОСК төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс еткен болатын.