26 мау, 2017 сағат 07:50

Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин ҚР  Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды,  деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген 26 маусымда қол қойылған өкімде.