29 там, 2019 сағат 15:07

Нығматулин: Елбасының ядролық қаруды қысқарту бастамасы қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастырады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды қысқарту бастамасы халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Бұл туралы Нұрлан Нығматулин twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ядролық қарусыз әлем үшін Назарбаев сыйлығы – беделді халықаралық сыйлықтың бірі. Ал Елбасының Нұр-Сұлтанда ядролық державалар басшыларымен ядролық қаруды қысқарту жөнінде келіссөздер үшін кездесу бастамасы халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді» - деп атап өткен Мәжіліс Төрағасы.