09 қыр, 2017 сағат 17:15

Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын алғашқы раундта нокаутпен ұтты (видео)

Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев бразилиялық Алекс Дуартені нокаутпен жеңді.

Қазақ боксшысы жекпе-жекті ұзаққа созбады. Кездесу бастала сала қарсыласын ауыр соққының астына алып, есінен тандырды. Төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, 25 жастағы жерлесіміз кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетсек, бұған дейін алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Екінші кездесуде Димаш Ниязов бразилиялық Эдуардо Перейраны ұпай санымен жеңді.

Үшінші жекпе-жекте Айдос Ербосынұлы аргентиналық Джонатан Барбадилоны нокаутпен жеңді.

Төртінші кездесуде Әли Ахметов америкалық Томас Джастинді теxникалық нокаутпен жеңді.