14 мау, 2018 сағат 15:23

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуы және турнирдің Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясы құрама командалары арасындағы бірінші ойынын көруі жоспарланған.