07 қаз, 2017 сағат 17:59

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.